12:32, 16 Ақпан 2013 | GMT +5
Елордада «Франция-Қазақстан» халықаралық көрмесі ашылады
АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Мектеп оқушылары сарайының AstanaArtline галереясы өнерді бағалаушылар үшін өз есігін айқара ашуда.

Мұнда «Франция-Қазақстан» халықаралық көрмесі ашылады. Көрмеге келушілер екі елдің суретшілері түрлі техника мен жанрда орындаған көркем еңбектерді: натюрморттар, портреттер мен пейзаждарды көріп тамашалай алады, деп жазады елорданың ресми сайты.
«Қазақстан мен Франция ынтымақтастығы тарихы 20 жылдан бері жалғасып келеді. Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды нығайту тек саяси тұрғыдан ғана емес, мәдени жағынан да маңызды», деп санайды көрмені ұйымдастырушылар.
Экспозицияда танымал француз суретшісі Мартин Ривази-Оффан мен Қазақстанның белгілі қылқалам шеберлері: Ұмсын Арқабаеваның, Армат Бектастың, Ерлан Назарқұлдың, Гүлмира Телғозиеваның, Еркінбек Есімовтің, Ералы Досмағанбетова мен Жаннет Әбіштің қартиналары қойылған.