Елордада халықаралық сарапшылардың қатысуымен жиын өтеді

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - 28 сәуірде ҚР Әділет министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының техникалық қолдауымен
None
None

«Қазақстан Республикасында Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакті және Әмбебап кезендік шолу ұсыныстары бойынша азаматтық және саяси құқықтарды жүзеге асыру, Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінде алғашқы баяндамасын қорғау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізеді. Бұл ақпаратты ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Алқалы жиында Әмбебап кезеңдік шолу мен Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының ұсынымдарына қатысты, сондай-ақ Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакті нормаларының орындалуы мен оны тиімді қолдануға арналған мәселелер талқыланады.

Дөңгелек үстел жұмысына халықаралық сарапшылар Румыния Конституциялық сотының судьясы, БҰҰ адам құқығы жөніндегі комитетінің мүшесі Юлия Антоанелла Моток және Таллин университеті Құқық академиясының ректоры, Лондон университеті Кинг-колледж профессоры, халықаралық құқық саласындағы сарапшы Рейн Мюллерсон қатысатындығын қуаттады.

Соңғы жаңалықтар