05:34, 09 Мамыр 2018 | GMT +6
Елордада иесіз иттер мен мысықтардың көрмесі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 мамыр күні «MEGASilkWay» СОО-да «Мені үйіңе ала кет» атты фотокөрме өтеді. Шараны ұйымдастырушылар қала әкімдігі және жануарларды қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестік, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Көрме мақсаты - иесіз қалған ит пен мысықтарға ие тауып беру және оларға жауапкершілікпен қарау. Мұнда иесіз және қаңғыбас жануарларға арналған уақытша паналау орнындағы елуден астам ит пен мысықтың фотосуреттері қойылады.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, фотокөрмеден өзіңізге және сіздің жақын туыстарыңызға сүйкімді көрініп, өзінің қылықтарымен әр күн сайын көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын, жақсы дос бола білетін жануарды жолықтыруларыңыз мүмкін.
Қайырымдылық көрмесі 25 мамырға дейін жалғасады.