12:03, 14 Қаңтар 2021 | GMT +6
Елордада ІІ ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы ІІ ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды білім басқармасына сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Білім басқармасының шешімі бойынша 2021 жылғы 14 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз -29 С) қала мектептерінің ІІ ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, елордада І ауысымдағы мектеп оқушылары сабақты онлайн оқып жатқан болатын.