Елордада интернет алаяқтық бойынша қылмыстық істердің жартысынан астамы ашылмаған

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Тергеу басқармасының аға тергеушісі Ришад Әйткенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Зардап шеккендердің басым көпшілігі olx.kz және kolesa.kz сайттарының қолданушылары. Алаяқтықпен айналысатындар сатып алушыға осы сайттарға ұсқайтын платформа жасап, соның сілтемесін жібереді. Кейін ол сайтқа кіргенде азаматтан жеке деректері мен банк картасының нөмірі сұралады. Бұл мәліметтерді бергеннен соң сатып алушының банк картасынан ақшаны аударып алады. Жыл басынан бері осындай алаяқтардың қолынан 200-ден астам елорда тұрғыны зардап шекті. Ал, тіркелген қылмыстық істердің жартысынан астамы ашылмаған күйі қалып отыр», - деді Ришад Әйткенов.
Оның айтуынша, соңғы уақытта өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, алдау арқылы банк картасының нөмірін сұрап, адамдардың есепшотынан ақша ұрлайтындар көбейген. Жыл басынан бері 270-тен астам елордалық осындай алаяқтарға алданып қалған.