Елордада ішкі істер органдарының ардагерлері бас қосты

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елорданың ІІД-інде ішкі істер органдарының ардагерлері бас қосып, 2009 жылғы жұмыстардың қорытындысын шығарды.
None
None

«Бүгінде ардагерлер елорданың ішкі істер департаменті өткізетін барлық іс-шараларға белсенді атсалысып келеді. Сонымен қатар олар полиция бөлімшелері жанындағы Қоғамдық кеңестерді басқарып, құқық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыруға үлкен үлес қосуда», дейді аталған ведомствоның мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, ардагерлер учаскелік инспекторларға қылмыстық істерді тергеу мен ашуға көмектесіп, азаматтарды қабылдау, кездесу шараларына қатысады. Сондай-ақ ардагерлер құрамы өз қатарластары мен қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына әлеуметтік проблемаларын шешуге қол ұшын береді.

Соңғы жаңалықтар