10:58, 03 Қаңтар 2020 | GMT +5
Елордада қала маңына қатынайтын 14 автобус уақытша жүрмейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы ауылдарға жүретін автобустардың жұмысы уақытша тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Astana LRT компаниясына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, тасжолдардың жабылуына және ауа райына байланысты мына бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды: №300, 310, 311, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 318, 319, 321, 322, 326.
Жолда қатынап жүрген бағдарлар: №301,302, 303, 304, 305, 306,307, 308, 309, 320.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең ақтүтек боранға байланысты Нұр-Сұлтан маңындағы және үш облыстағы жол жабылған болатын.