Елордада қар күреу жұмысына 3 мыңнан аса жол жұмысшысы жұмылдырылды

АСТАНА. KAZINFORM – Астананың коммуналдық қызметі алғаш қар жауған күннен бастап, тоқтаусыз, күні-түні жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Елордада қар күреу жұмысына 3 мыңнан аса жол жұмысшысы жұмылдырылды
Фото: Астана әкімдігі

Өткен түнде елордадан қар полигондарына 2 098 ауыр жүк көлігінің рейсі арқылы 35 530 текше метр қар шығарылды. 6 наурыз күні таңертең қаланы қар мен көктайғақтан тазартуға шамамен 1 720 арнайы техника мен 3 035 жол жұмысшысы тартылды.

Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жолдары тазаланады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалық жүргізіледі.

Қыс мезгілі басталғалы бері қар полигондарына 444 269 рейспен 6 млн 674 мың 203 текше метр қар шығарылды. Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдар, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себілуде. Бұл жұмыстар да тәулік бойы атқарылып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазавтожол жүргізушілерге ауа райына байланысты ескерту жасағанын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум