Елордада «Қару-2011» операциясы өткізілді

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астана қаласы аумағындағы жедел жағдайды сауықтыру, атыс қаруы, жарылғыш заттар қолданылып жасалған қылмыстарды ескерту және ашу мақсатында елордалық сақшылар ағымдағы жылдың 19 мен 21 қыркүйегінде өткізіліп жатқан «Қару-2011» жедел-алдын алу шарасының барысында бірқатар жұмыстар атқарды.
None
None

Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Рейдтік шаралар өткізу барысында елордалық департаменттің 870 қызметкері шараға жұмылдырылды.

Жедел-алдын алу шарасын өткізу барысында елордалық полицейлер азаматтардың азаматтардың арасында қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш құралдарды өз еркімен тапсыру бойынша кең түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Қару-2011» жедел-алдын алу шарасының бірінші күнінің қортындысы бойынша полиция қызметкерлері заңсыз сақталған 12 қаруды, оның ішінде бір иір ойықты атыс қаруы, 4 тегісұңғылы қару, 1 мылтық, 4 шолақ мылтық, 2 травматикалық тапанша, 2 электрошокер, 3 газды қаруын тәркіледі.

Ішкі істер органдарында тіркелген 110 атыс қаруы - мылтықтар, карабин, газды және травматикалық қарулардың заңды айналымы ережесін бұзғаны үшін тәркіленді.

Бір тәулік ішінде барлығы 106 қаруды сақтау, қолдану, тасымалдау және тіркеу тәртібін бұзушылығы анықталды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері жедел-алдын алу шарасын өткізу кезінде 3023 қарудың жеке иегерлері тексерді. Шараның қорытындысы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 99 қару иегерлері тартылып, қаруды сақтау ережесін бұзғаны үшін ІІО тіркелген 110 атыс қаруы (оның ішінде ойық, атыс, тегісұңғылы атыс, газды және травматикалық) тәркіледі.

2011 жылдың 19 қыркүйегінде № 4 полиция бөлімшесі УПИ қызметкерлері К. есімді азаматтың тұрғылықты мекен-жайын тексеру барысында тегіс ұңғылы аңшы қаруының иесі мен отбасы жанжалы бойынша қорғану нұсқаулығы қойылғандықтан оның МР-153, ИЖ-58 маркалы аңшы мылтықтары тәркіленіп, рұқсат беруге шектеу қою бойынша материал дайындалды.

Соңғы жаңалықтар