Елордада кәсіби кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді - ҚР БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін,16 қазанда М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласының Білім басқармасының Гуманитарлық колледжі «Кәсіби кадрларды даярлау стратегиясы: мәселелер мен перспективалар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Елордада кәсіби кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді - ҚР БҒМ

Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Мұндағы мақсат кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру, тәжірибе алмасу, жаңашылдыққа ұмтылудың жаңа мүмкіндіктерін ашуға ықпал ету болып табылады.

Конференцияға Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Е.Иманғалиев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаментінің директоры С.Мадеев, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Э.Суханбердиева, сонымен бірге облыстық, Астана, Алматы қалалық Білім беру басқармаларының, Республикалық ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-әдістемелік орталықтарының және ТжКБ педагогикалық білім беру мекемелерінің басшылары қатысады.

Конференцияның секциялық жұмысы 4 бағытта өтеді.

Алқалы жиынға Қазақстан мен Ресей Федерациясының 45 педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждерінің өкілдері қатыспақ.

Сондай-ақ, конференция аясында кәсіптік білім беру саласындағы іс-тәжірибелерді таныстыру мақсатында «Кәсіптік білім беру жүйесін жаңарту. Негізгі үрдістер» атты тақырыптық көрме экспозициясы ұйымдастырылады.