Елордада қазақ тілін тегін меңгеруге мүмкіндік бар

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада қазақ тілін меңгеру бойынша тегін курс өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

қазақ тілі курсы
Фото: Астана әкімдігі

Ересектерге арналған қазақ тілі курсына өтініштер 4-20 тамыз аралығында қабылданады.

Курс 2 қыркүйекте басталады. Ал оқыту офлайн форматта өтеді. Курс 4 айға жалғасады.

Сабақтар аптасына 3 рет өтеді. Сонымен қатар курс соңында қатысушыларға сертификат табысталады.

Курсқа тіркелу үшін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 209-кабинетке бару қажет. 

Байланыс телефондары:

• Жұмыс: +7 (7172) 24-90-52;

• Ұялы: +7 (707) 797-71-43.

Осыдан бұрын биыл мектепке баратын балалардың 70 пайызы қазақ тілін таңдағаны айтылды.

Соңғы жаңалықтар