15:14, 26 Қараша 2011 | GMT +5
Елордада Қазақстан суретшілерінің «Өз елім» атты көрмесі ашылды
ТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай Астанада ҚР Президенттік мәдениет орталығында Қазақстан суретшілерінің «Өз елім» атты көрмесі ашылды.

Көрме Қазақстан суретшілерінің «Өз елім» атты форумы аясында өтуде. Шара барысында үздік сурет шығармаларының байқауы жария етілген болатын. Бүгін Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне орайластырылған көрмеде олардың 100-ге тарта әртүрлі тақырыпты қамтитын шығармалары таныстырылды.
Сәуір айында жарияланған байқауға еліміздің барлық аумағынан 272 автордың 700-ге тарта жұмысы келіп түсті. Конкурстық комиссияның белгілеген сараптамасы бойынша 138 автордың 205 шығармасы байқауға жіберілді. Қазылар алқасының көмегімен ең үздік 100 туынды таңдап алынған болатын.
Көрменің ашылу салтанатында жеңімпаздар авторлар кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, сценография аталымдары бойынша арнайы сыйлықтармен марапатталды.