Елордада «Қазақстан және ғарыш» халықаралық конференциясы өтуде

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін елордада Талғат Мұсабаевтың алғашқы ғарыш сапарына 15 жыл өтуіне орай, «Қазақстан және ғарыш» халықаралық конференция өз жұмысын бастады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыдан он бес жыл бұрын 1994 жылы шілденің 1-інде «Союз ТМ» ғарыш кемесімен қазақтан шыққан ұшқыш, ғарышкер Талғат Мұсабаев алғаш рет ғарышқа сапар шеккен еді.    

Конференция жұмысына қатысқан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев, ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан ғарышының келешегіне үлкен мән беріп отырғандығын және осы ретте Елбасы отандық ғарыш саласын қалыптастыру жолында бірқатар ірі міндеттерді жүктегендігін айта келе, конференция елдің ғарыш саласындағы істерінің нәтижелерін талқылау, бүгінгі және болашақ бағдарымызды терең түсінуге мүмкіндік туғызып отырғандығын айтты.

«Президенттің прагматикалық, көреген саясаты арқасында елімізде орналасқан ғарыш кешенін өзімізде сақтап қалдық. Мемлекет басшысы ғарыш саласының Қазақстанға берер стратегиялық мүмкіндіктерін ерекше атай келе, осы саланы дамытудың маңыздылығын бірнеше рет айтқан болатын. Қазақстанның ғарыш қызметін дамыту туралы бағдарлама қабылданып, Ұлттық ғарыш агенттігі құрылды. Қазіргі уақытта 2020 жылға дейін арналған Қазақстанның ғарыш қызметін дамыту туралы ұзақ мерзімді бағдарлама жасақталуда», - деді Ө.Шөкеев.

Ө.Шөкеев өз сөзінде Қазақстанның осы саладағы қызметін дамытуда стратегиялық әріптестердің үлкен рөл атқаратындығына да тоқтала кетті.

«Ресей мемлекетімен Байқоңыр ғарыш кешенін пайдалану бағытында терең қарым-қатынас орнады. Елбасы Байқоңырды пайдалану бойынша Мәскеумен әріптестік орнату өзара тиімді және басымдықты болып табылатындығын атап көрсеткен еді. Себебі Ресей технологиялық және кадрлық әлеуетке ие. Достық, жылы байланысымыздың негізінде ғарыш кеңістігін бірлесіп игеру қажет»,  - деп атап көрсетті ол.

Соңғы жаңалықтар