Елордада «Қазақстанның түтінсіз болашағы үшін!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Орталық аппаратында «Қазақстанның түтінсіз болашағы үшін!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Елордалық жастар қоғамдық бірлестіктері, үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің, қалалық мәслихат депутаттары мен медициналық қауымдастықтардың белсенді мүшелерінің қатысуымен өткен басқосуды «Қазақстанды темекі түтінінен азат ету» ұлттық коалициясы мен Жастар мәжілісі ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы 4 жылда мемлекетімізде осы індетке шалдыққандардың саны 22,6 пайыздан 30 пайызға дейін өссе, 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 140 мыңнан астам адамды құрап отыр.

 Дөңгелек үстел барысында Ұлттық коалиция мен Жастар мәжілісі арасында темекі шегумен күрес мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Отырысқа қатысқан 25-тен астам ұйымдарының өкілдері меморандум бойынша атқарылатын шаралар жоспарын талқылап, тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыру тетіктерін қарастырды.

Соңғы жаңалықтар