Елордада ҚХА-ның этножурналистика саласындағы шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 27 қарашада сағат 18.00 де «Пекин Палас Soluxe Hotel Astana» қонақ үйінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы республикалық «Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болады.
None
None

Аталған салтанатты кешке ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі М. Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА, этномәдени орталықтардың жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысады.

Байқау жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталып, кеш Қазақстан этномәдени орталықтары өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасына ұласады, деп хабарлайды ҚР МСМ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар