Елордада қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз

Елордада қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, деп хабарлайды Kazinform. Бұл туралы Астана қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева мәлімдеме жасады. 

Қызылша
Фото: iStock

«22 қарашадағы мәлімет бойынша қызылша ауруы 1 648 науқаста тіркеліп және 639 науқаста расталған. Оның ішінде ересектер арасында 123 жағдай, 15-19 жастағы жасөспірімдер арасында 39 жағдай тіркелді. 

14 жасқа дейінгі балалар арасында 474 жағдай тіркелді, яғни 74 пайызды құрайды. Оның ішінде ең көп жағдай төрт жасқа дейінгі балаларға тиесілі, яғни 383 жағдай немесе 80%. Осы, 383 жағдайдың ішінде 90 жағдай, ол 1 жасқа дейінгі нәрестелердің арасында, бұл балалар екпе алатын жасқа толмаған», — деді ол. 

Оның сөзінше, науқастардың ішінде қызылшаға қарсы екпе алғандар тек 5 пайызды құраған (34 жағдай).

Вакцина алмағандардың үлес салмағы 95 пайыз (605 жағдай). Оның ішінде:

— вакцинациядан өз еркімен бас тарту себебі бойынша 42,3 пайыз (256 жағдай);

— медициналық қарсы көрсетілімі бойынша 21,4 пайыз (129 жағдай);

— ересектердің 21,4 пайызында (130 жағдай) вакцинация туралы деректердің жоқ болуы. 

— егу жасына жетпеген 1 жасқа дейінгі балалар 14,9 пайыз (90 жағдай). 

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы екпе екі рет жүргізіледі: ол 1 жаста және 6 жаста. 

Қызылша өте жұқпалы ауру және көп ұжымда, әсіресе мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, мектептерде, жоғары оқу орындарында жиі тіркеледі. Көбінесе қызылша вакцина алмаған балалар арасында басым болады. Мәселен, ұйымдасқан ұжымдарда: 

— 66 балабақшада 106 расталған жағдай. Оның ішінде, 96 бала екпе алмаған. Шектеу шараларымен бүгінгі таңда 15 балабақша жұмыс істеп жатыр. 

— 37 мектепте 52 расталған жағдай. Оның ішінде, 45-інде вакцинация болған жоқ. 

— 5 жоғары оқу орны арасында 27 жағдай тіркелді. 

«Профилактикалық екпелерден бас тартудың көбеюі, медициналық қарсы көрсетілім бойынша және иммундаумен қамтудың төмендігі халықтың иммундық емес қабаттың пайда болуына әкеліп соқты. Егу жасына жетпеген 1 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша ауруының көптеп тіркелуіне байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылды. Онда 6 айдан 10 ай 29 күнге дейін дейінгі балаларды егу көрсетілген. Бүгінгі таңда осы жастағы 2 500-ден астам бала екпе алды. Осы орайда, ата-аналарды балаларыңыздың денсаулығына немқұрайлы қарамай, вакцина алуға шақырамын. Себебі, балаңыздың салауатты өмір сүруі сіздің жауапкершілігіңізде!» — деді Жанна Пралиева. 

Соңғы жаңалықтар