Елордада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM —  Астанада коммуналдық қызметтер қар күреу жұмысын тәулік бойы тоқтаусыз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Елордада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр
Фото: Астана әкімдігі

Елордада коммуналдық қызметтер тәулік бойы қар күреу жұмысын жалғастырып жатыр.

Қала тұрғындарының ыңғайлы және қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында көше тазалау жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Қар күреу жұмысына 1610 арнайы техника (арнайы машиналар, щеткалы тракторлар, сыпырғыш техникалар, құм сепкіш, автогрейдерлер) және 2682 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

Коммуналдық қызметтер алдымен магистральдық көшелерді, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдарды және аялдама павильондарын қар мен көктайғақтан тазартады.

5 қарашадан бері елорда аумағынан 272 рейс арқылы 3,3 мың текше метрден астам қар шығарылған.

Қала көшелері мен тротуарларына тұрғындардың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету үшін техникалық тұз себіледі.

Қар алты арнайы полигонға жеткізіледі, олардың барлығы бейнебақылау камераларымен жабдықталған және онлайн-мониторинг жүйесімен қадағаланады. 

Айта кетелік Астанадан екі күнде 3000 текше метрден астам қар арнайы полигондарға шығарылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум