Елордада конкурдан Қазақстан кубогы мәресіне жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада 20-22 маусым аралығында өткен еліміздің ат спорты күнтізбесіндегі маңызды жарыстардың бірі – конкурдан Қазақстан Республикасының кубогы аяқталды. 

Ат спорты федерациясы
Фото: Ат спорты федерациясы

Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысының 30-дан астам спортшы қатысып 120-дан 145 см-ге дейінгі алты бағытта шеберліктерін көрсетті.

Ат спорты федерациясы
Фото: Ат спорты федерациясы

Үш күндік жарыстың абсолютті жеңімпаздары:

B тобы:

1 орын – Бекжан Байжанұлы – Кинг Диаманд

2 орын – Нурила Турисбекова – Цендер де Реве

3 орын – Жасұлан Байтаев – Кэшмэйкер және Малика Серік – Микадо

А тобы:

1 орын – Нурила Турисбекова – Кю Бель

2 орын – Ислам Исламов – Скарто II

Ат спорты федерациясы
Фото: Ат спорты федерациясы
Ат спорты федерациясы
Фото: Ат спорты федерациясы

Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл кезең – спортшылардың шеберлік деңгейін арттырып, мықтыларды анықтауға ықпал етеді. Сонымен қатар ұлттық құрамаға іріктеу кезеңдерінің маңызды бөлігі саналады.

Қазақстан кубогының жүлде қоры – 2 миллион теңгені құрады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар, дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада конкур бойынша ел кубогы өтетінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар