Елордада Қордай мен Сәтбаев көшелерінің арасындағы жол үш айдан астам уақытқа жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Астананың Алматы ауданында 19 қарашадан 2027 жылғы қаңтардың соңына дейін көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады. Бұған Қордай мен Қаныш Сәтбаев көшелерінің арасындағы инженерлік желілерді тарту жұмыстары себеп. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.
Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеру сұралады.
Айта кетейік, 7 қарашадан бастап Астанада автобус жолағын пайдалану тәртібі өзгерді.
Сондай-ақ елордада Алматы көшесінде көлік тоннелінің құрылысы жалғасып жатқанын жаздық. Аталған учаскеде көлік қозғалысын 2027 жылдың соңына дейін ашу жоспарланып отыр. Көлік тоннелі Мәңгілік Ел даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі аралықты жалғамақ. Бүгінде аумақта инженерлік желілерді көшіру, аумақты дайындау және бұрғыланған қадаларды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ Астанада Қордай мен Айнакөл көшелерінің қиылысы уақытша жабылатынын жаздық.