Елордада коронавирус жұқтырған жүкті әйелдерге қай нысанда қызмет көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ересектер мен балаларға жедел медициналық көмек толық көлемде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада коронавирус жұқтырған жүкті әйелдерге қай нысанда қызмет көрсетіледі

«Жүкті әйелдерге медициналық көмек 360 орынға арналған екі перинаталды орталықта көрсетіледі. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясын жұқтырған жүкті әйелдерге 185 орыны бар №2 перинаталды орталық негізінде (Covid-орталықта) медициналық көмек көрсетіледі», - деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, балалар ауруханалары бұрынғы режимде толық жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, басқарма басшысы елордада жедел жәрдем қызметіне жүктеме артқанын мәлім етті.

«Аптасына тұрғындардан 28 мың өтініш келіп түскен. Соңғы тәулікте бұл көрсеткіш 4,5 мыңға дейін жетті. Қызмет көрсетілген шықырулардың саны 18 мыңға жуықтап, кеше 2,8 мың болды. Соның ішінде аптасына коронавирус жұқпасына байланысты 4 438 қоңырау шалынды. Кеше 1300 шақырту болды», - деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, маусым айының орта кезінде Елордада КВИ жұқтырған жүкті әйелдер босанатын жеке перзентхана ашылады.