Елордада коронавирус жұқтырғандар күніне 150-ден 280-ге дейін тіркеледі – Сархат Бейсенова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы КВИ жұқтыру статистикасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Нұр-Сұлтан қаласындағы CОVІD-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша 17-ші күні «қызыл аймақта» тұр. Күніне 150-ден 280-ге дейін жағдай тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы аптамен салыстырғанда бірдей деңгейде, 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш - 121,1 -ді құрады. Репродуктивті саны - 0,92», - деп түсіндірді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.

Жыл басынан бері елордада сырқаттанғандар саны 10 мыңнан асты, пандемия басталғалы – 28 941 жағдай тіркелді (18 403 - симптомды және 10 528 - симптомсыз).

«Осы мерекелік аптада науқастармен байланыста болғандар саны 10%-ға өсті, яғни 500-ден 735 адамға дейін, бұл қала тұрғындарының карантин талаптарын, оның ішінде үй карантині режимін сақтамағанын көрсетеді. Сонымен қатар, өткен аптамен салыстырғанда балалар арасында аурудың 1,6 есеге, яғни 210-нан 339-ға дейін өсуі байқалады», - деп атап өтті спикер.

Қазіргі уақытта белсенді ошақтар саны – 1517, оның ішінде: үй – 987, ұйымдастырылған – 538, онда 3 417 байланыста болған адам медициналық бақылауға алынды.


Соңғы жаңалықтар