Елордада қос азаматтықпен жүрген 200 адам жауапқа тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада қос азаматтық алған заңбұзушылар жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Соңғы 6 айдың ішінде 496-бап бойынша 200-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар басқа елдің азаматтығын алғаны туралы уақтылы хабарламаған. Қазақстанда қос азаматтық қабылданбайды. Сондықтан біз оларды әкімшілік жауапкершілікке тартамыз», - деді Полция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Ербол Махметов елорда полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, көші-қон қызметі басқармасы еңбек мигранттарына 15 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді.

«Олардың сапасы мен уақытылы көрсетілуінен әрбір полиция органының және тұтастай Ішкі істер министрлігінің жұмысы бағаланады. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде оларды автоматтандыруға және электронды нұсқаға аударуға басты назар аударылады. Биыл 7 айда елорданың көші-қон қызметінің бөлімшелері 344 094 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде көші-қон қызметінің бөлімшелерімен тікелей байланыс кезінде –11 129, мемлекеттік корпорация арқылы –197 291, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы –106 873», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар