Елордада қойма өртеніп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Астаналық өрт сөндірушілер қоймадан шыққан өртті сөндіріп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.

 Елордада қойма өртеніп жатыр
Фото: ҚР ТЖМ

- Ангарлық үлгідегі қоймадан өрт шықты. Өрт сөндірушілер ғимараттың шатырын ашып, сөндіріп жатыр. Өрт сөндіру жұмысын қатты түтін қиындатып жатыр. Сумен үзіліссіз қамтамасыз етілді, - делінген хабарламада.

ТЖМ ақпаратына сүйенсек, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 

 Елордада қойма өртеніп жатыр
Фото: ҚР ТЖМ

Соңғы мәлімет бойынша, жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеп жатыр. Тілсіз жаумен күреске 6 су оқпаны берілді. Полиция департаментінің қызметкерлері өрт болған жерді қоршады.

Оқиға орнына жеке құрамның 82 адамы және 21 техника жұмылдырылды.

Таяуда елордада көп қабатты үйден өрт шықты. 

Бірнеше күн бұрын Астанадағы «Шапағат» базарынан өрт шықты. 

Соңғы жаңалықтар