Елордада ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастасымен «Ғылым әлемін ашамыз» атты VІ Халықаралық оқушылар конференциясы өтіп жатыр

СТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордада ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Ғылым әлемін ашамыз» атты VІ Халықаралық оқушылар конференциясы басталды.
None
None

К.Байсейітова атындағы опера және балет театрының кіреберісі еліміздің талантты оқушыларының қолынан шыққан бірегей туындылардың көрмесіне айналған. Онда ғарыштық технология саласындағы оқушылардың ғылыми жобалары, қатысушылар әзірлеген түрлі ғарыштық аппараттар, техникалардың модельдері сап түзген.

Алқалы жиынның ашылу рәсіміне қатысқан Білім және ғылым вице-министрі Айдар Жақыпов қазіргі заманда қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, геология, байланыс, телекоммуникация салаларындағы күрделі мәселелерді шешуде ғарыштық қызметтің қосар үлесі зор әрі маңызды екендігін атап өтті. Бұл орайда ғылым мен техниканың дамуы таяу жылдарда адами қызметтің көптеген салаларында түбегейлі өзгерістерге әкелетіндігін атап өткен вице-министр, «елге жоғары білікті мамандар, зымырандық-ғарыштық техникалардың талантты инженерлері және сауатты сынаушылары қажет», деді.

Жалпы конференция жұмысы 4 секция, атап айтқанда ғарыш инфрақұрылымының жүйелері, астрофизика, ғарыштық және ақпараттық технологияларды модельдеу және ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі бойынша жүргізіледі. Оның жабылу рәсімі және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау бүгін сағат 18:30 -да осы театрда өтпек.

Соңғы жаңалықтар