Елордада курьерді соққыға жыққан азаматқа қатысты тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кеше Нұр-Сұлтан қаласында «Glovo» жеткізу қызметінің курьерін соққыға жыққан азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Нұралы Тәңірбергенов мәлім етті.
None
None

«Ағымдағы жылдың 22 тамызында сағат 19:50 шамасында полицияға «Glovo» курьерін ұрып-соғып дене жарақатын салғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады»,- деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Қоса кетсек, бұған дейін Алматыда өз ұлын ұрып-соққан ер адам қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар