10:42, 17 Сәуір 2023 | GMT +5
Елордада құтқару бөлімшелеріне ауа райына байланысты 3500-ден астам қоңырау түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен және осы 112 желісіне 3500-ден астам қоңырау түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері қала маңында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Қар құрсауынан 2 автокөлікті эвакуациялап, адамдарды қалаға жеткізді.
«Қазіргі уақытта күннің бұзылуына байланысты көлік құралдарының барлық түрлері үшін автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабыұ. Олар: Астана-Қорғалжын, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Анар станциясы, Астана-Щучинск»,-делінген хабарламада.