Елордада қылмыс жасау деңгейі 5,5%-ға төмендеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында қылмыс жасаудың деңгейі біршама төмендеген. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша қылмыстың барлық түрлерін ашу деңгейі жақсарған. Бүгінде елорда тұрғындары мен қала қонақтары үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалып, қажетті шаралар қабылданып жатыр. Қылмыспен күресте оң беталыс байқалады. Жыл басынан бері қылмыс жасау деңгейі 5,5% төмендеген. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш өсе түседі деген болжам бар», - деді Марат Төлебаев елорда жұртымен кездесу барысында.

Сондай-ақ, ведомство басшысы елордада есірткімен күрес мәселесінің басты назарда екенін жеткізді.

Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, осы күнге дейін заңсыз айналымнан 169 келі есірткі тәркіленді. Оның ішінде 2,3 келісі - «героин».

Одан бөлек, есірткі әзірлеумен айналысатын 3 зертхана қызметінің жолы кесіліп, 5 келіден астам «синтетика» тәркіленді.

Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Марат Төлебаев «Zoom» платформасында халық алдында есеп берді.

Шара барысында елорда тұрғындары толғандырған сауалдарын қойып, өтініш, ұсыныстарын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар