Елордада қымызымен танылған кәсіпкер шаруашылығын кеңейтпек - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Шортанды ауданының кәсіпкері Қарынбай Жәмкеев қолда бар әлеуетін барынша пайдалануға бел буып отыр. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарлады. Еске сала кетсек, Қарынбай Ұрақұлы өңірде мал шаруашылығымен айналысып жүрген танымал кәсіпкер. Ол жетекшілік ететін «Темеш» шаруа қожалығында жылқы, қой және ірі қара мал өсірілуде.

Кәсіпкер бие сауып, тәулігіне жүз литрге дейін қымыз дайындайды. Алдағы уақытта ол өндірісті кеңейтіп, өнім көлемін арттыруды көздеп отыр. Ол үш кәсіпкерге бірінші кезекте құрал-жабдықтар қажет көрінеді.Осы мақсатта ол өңірлік кәсіпкерлер палатасы Шортанды филиалының сарапшыларынмен жолығып, ақыл-кеңес алды. Ондағы мамандар Қарынбайға жабдықты қайдан алу керектігін және бизнесті ұйымдастыруға қатысты басқа да мәселелер жайлы ақпарат берді.

Осылайша, оның ісі одан әрі жылжи берді. Нәтижесінде Қарынбай Жәмкеев кәсіпкерлер палатасының қолдауына ие болып, жылқы басын көбейту үшін пайдаланатын жерін кеңейтуге шешім қабылдады. Аудандық әкімдік байқау өткізу кезінде жобаның келешегі бар екенін ескере отырып, шаруа қожалығына жер беруге болады деп тапты.

«Қымызды толассыз жыл бойы өндіруді жоспарлап отырмын. Палата қызметкерлері сусынды құю жабдығын сатып алуға кеңес беріп, үлкен көмегін тигізді. Жер алғаннан кейін, үйірдегі жылқының қатарын көбейткім келеді», - дейді фермер.

Кәсіпкердің елорданың азық-түлік белдеуіне қатысушы болғандықтан, оның барлық өнімі Астана базарларында сатылады.

Соңғы жаңалықтар
telegram