16:38, 28 Мамыр 2025 | GMT +5
Елордадағы LRT құрылыс нысаны аумағында өрт шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жау ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ.

Қабанбай батыр даңғылы бойында, LRT құрылыс нысанында, 15 шаршы метр аумақта құрылыс қалдықтары өртенді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.
Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.
Айта кетсек, бұған дейін елордада автокөлік иелері LRT құрылысшыларына шағымданған еді.
Еске салайық, биыл күзде LRT тестілік режимде іске қосылады деп жоспарланған.