Елордада Мемлекет басшысының қатысуымен III Астана экономикалық форумы ашылды

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен III Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады.
None
None

Аталмыш форумның мақсаты - мемлекеттің экономикалық саясаты мен ғылым жетістіктерін, сондай-ақ жеке сектордың бастамаларын бір арнаға тоғыстырып, дағдарыстан кейінгі әлемдік экономика мен мемлекеттердің ұзақмерзімді тұрақты дамуына қажетті жағдайларды қалыптастыру тетіктерін әзірлеу болып табылады.

Келелі жиынға әлемнің 50 мемлекетінен 2 мыңнан астам іскер топ өкілдері, жетекші ғалымдары мен сарапшылары, халықаралық ұйымдардың басшылары, көрнекті ғалым-экономистер мен Нобель сыйлығының лауреаттары қатысуда.

Форумның ұйымдастырушылары - «Ғалымдардың Еуразия экономикалық клубы» мен Экономикалық даму және сауда министрлігі және «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы.

Соңғы жаңалықтар