Елордада мүгедектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада мүгедек жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр.
None
None

«Біз осымен үшінші жыл қатарынан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізудеміз. Жыл өткен сайын бұл шараға жұмыс берушілер тарабының қызығушылығы артып келеді. Ал бүгінгі шараға шамамен 30 жұмыс беруші қатысыуда», - деді БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар.

Оның атап өтуінше, мұндай шаралар мүмкіншілігі шектеулі адамдарға бір мезетте бірнеше жұмыс беруші ұйыммен байланысуға мүмкіндік береді. Ал жұмыс ұсынып отырған мекемелердің басым бөлігі шағын және орта бизнес саласынан. «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жалақысы ден сау кісінің айлығымен бірдей. Дегенмен, олардың жалақысы қандай жұмыс атқаратындығына тікелей байланысты. Жұмыс іздеушілердің 60 пайызын әйелдер құрайды. Өткен жылы біз осындай шараның нәтижесінде шамамен 90 адамды жұмысқа орналастырдық», - деді О.Омар. Сонымен қатар, ол Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер жәрмеңкесі арқылы еңбекпен қамтылған жандарды үнемі назарда ұстап отыратындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар