09:28, 13 Қазан 2013 | GMT +5
Елордада «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съезі өтеді
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - 17-18 қазан күндері елордада «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съезі өтеді, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінен.

Съезд жұмысына республиканың барлық өңірлерінен 120 делегат қатысатын болады.
«Съезд аясында «Нұр Отан» партиясының жаңа саяси доктринасының жобасын талқылау және «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру бойынша партия міндеттерін талқылауға арналған 5 отырыс өткізу жоспарланған», - делінген хабарламада.