Елордада Өндіріс тасжолының учаскесі жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Өндіріс тас жолы бойында Солтүстік айналма жолдан көлік айрығына дейін жүк автокөліктерін өлшеудің автоматтандырылған жүйесін орнату бойынша жол қозғалысын толық жабу арқылы жұмыс жүргізеді. 

Елордада Өндіріс тасжолының учаскесі жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты 24 шілде күні сағат 06:00-ден 23:50-ге дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.

Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Лавренев көшесінің бірнеше учаскесі уақытша жабылатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар