Елордада отандық тауар өндірушілер мен жер қойнауын пайдаланушылардың кеңесі өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада еліміздің барлық өңіріндегі отандық тауар өндірушілер мен жер қойнауын пайдаланушылардың семинар-кеңесі басталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кеңестің басты мақсаты ел экономикасының барлық саласында қазақстандық үлесті арттыру үшін бизнеспен бірге тиімді шараларды қолға алу.
None
None

Семинарға еліміздің түпкір-түпкірінен мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері, тауар өндірушілер мен қызмет көрсетуші компаниялардың қызметкерлері, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың өкілдері, барлығы 300-ден астам делегат қатысуда.

Семинар-кеңес аясында жергілікті үслесті арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру, ішкі нарықтағы сұранысты арттыру мәселесі, сауда мен өнеркәсіптегі стратегиялық жоспарлару мәселелі талқыланады.

«Отандық тауар өндірушілер мен жер қойнауын пайдаланушылар, жүйе қалыптастырушы кәсіпорындар мен ұлттық компаниялар арасындағы бүгінгі кеңес шағын және орта бизнесті дамыту үшін тиімді шараларды қолға алатын алаң болады деп сенемін. Біздің негізгі мақсатымыз - отандық өнім сатылатын нарықты табу», - деді «NADLoC» жергілікті үлесті дамыту жөніндегі ұлттық агенттіктің басшысы Қайрат Бектұргенов.

Кеңестің қорытындысы ретінде жалпы сомасы 23 млн. теңге болатын 32 келісімге қол қою жоспарлануда. Бұл келісімдердің барлығы отандық кәсіпорындардың қуаттылығын арттырып, жұмыс орындарын сақтауға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар