Елордада өтіп жатқан бокс кешінде «Алаш прайд» өкілі украиналықтан жеңіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағында Фируза Шәріпова мен Милена Колеваның арасында көптен күткен айқас өтеді. Осы уақытта басталған спорт кешінің андеркартында алғаш болып ММА шеберлері украиналық Юрий Проценко (122,6 келі) мен қазақстандық «Алаш прайд» клубының өкілі өзбекстандық Мурод Хантураев (104,6 келі) кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Мурод Хантураев дода басталғалы-ақ шабуылға көшті. Бірақ, салмағы өзінен шамамен 20 келіге жуық украиналық күрес әдісімен оны жерге құлатып соққының астына алды. Айқастың бел ортасында «Азияның аюы» атанған Мурод қарсыласын бұрышқа тіреп, тізе соққысын қолдануға тырысқанымен, айқас аяқталмай Проценко қылқындыру әдісімен Муродты ақыры жеңді.

Еске сала кетсек, бүгін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің Амфитеатрында кәсіпқой боксшылар қазақстандық Фируза Шәріпова мен болгариялық Милена Колеваның айқасы өтеді. Фируза 29 маусымда Мәскеуде өткен соңғы жекпе-жегінде ресейлік Бианка Пряшканы бірінші раундта жеңген болатын. Ал оның қарсыласы Милена Колева әлемдік рейтинг бойынша Шәріповадан әлдеқайда жоғары орында тұр. Әлем чемпионы атағы үшін айқас он раундқа есептелген.

 

Соңғы жаңалықтар