Елордада парадзюдодан Grand Prix жарысы өтіп жатыр

АСТАНА.KAZINFORM - Астанадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде пара дзюдодан Grand Prix жарысы ресми басталды.

давддвха
Фото: Парадзюдо федерациясы

Астана қаласының әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов құттықтау сөз сөйлеп, байрақты бәсекені ресми ашық деп жариялады.

IBSA президенті кеңсесінің басшысы және IBSA президентінің көмекшісі Руфат Хаджили ҚР Туризм және спорт министірлігі мен Астана қаласы әкімдігіне жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, айтулы додаға 15 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр, олар 10 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Ел құрамасы сапында 25 спортшы өнер көрсетеді.

Жарыстың алғашқы күні татамиге шығатын Қазақстандық спортшылар:

Ерлер

J1 - 64 келі

Рустам Мәмбетқұлов

Айдын Мүтәліп

J1 - 70 келі

Темірболат Ташкенов

Асылан Нұрдәулетов

J1 - 81 келі

Бауржан Арстанбеков

Ерболат Бекентаев

J2 - 81 келі

Ғалымжан Смағұлов

Әйелдер

J1 - 46 келі

Айназ Құралова

Салтанат Ақпақова

J1 - 52 келі

Альфия Тілекқабыл

Елнара Әбдіназарова

Соңғы жаңалықтар