Елордада «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты монография таныстырылды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломат ретіндегі қыры жаңадан баяндалған кітаптың тұсауы кесілді. 

Елордада «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты монография таныстырылды
Фото: Дәулет Ізтілеуов/Kazinform

Авторлардың айтуынша, «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты монографияда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысы ретіндегі сыртқы саясат бағытына жан-жақты талдау жасалған.

Негізгі назар оның дипломатиясының үш басты қағидатына, сондай-ақ елдің сыртқы саясатын заманауи жаһандық сын-қатерлерге бейімдеуге аударылған. Оған Ауғанстан мен Украинадағы дағдарыс, климаттың өзгеруі және өзге де күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер жатады.

Елордада «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты монография таныстырылды
Фото: Дәулет Ізтілеуов/Kazinform

Сонымен қатар ерекше көңіл көрші саясатына, өңірлік интеграцияға және әлемнің жетекші державалары Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен және Еуропалық одақпен өзара іс-қимылына бөлінген. Бөлек бір тарау Қазақстанның БҰҰ, ШЫҰ, ҰҚҰ және АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдардағы рөліне арналған.

Кітапта Қазақстанның геосаяси тұрақсыздық жағдайында сындарлы диалогқа, мүдде тепе-теңдігіне және жаһандық тұрақтылықты нығайтуға ұмтылысы айқын көрсетілген.

Елордада «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты монография таныстырылды
Фото: Дәулет Ізтілеуов/Kazinform

— Бұл ішкі саясатпен айналысатын ғылыми қызметкерлердің бірлескен жұмысы. Туынды бірнеше мақсатты көздейді, алдымен әлемдегі қауіпсіздік оның ішінде геосаяси жағдайдың да архитектурасы өзгерген. Сыртқы саясаттың тенденциясы өзгергеннен кейін Қазақстанның саясаты оған бейімделе алу керек. Біздің сыртқы саясаттағы басты принцип — көпвекторлық. 30 жыл бойы сақтап келе жатқан көпвекторлықты сақтап қалу өте қиын, өйткені әлемде көптеген процесс жүріп, геосаяси жағдай жиі өзгеріп отыр. Халықаралық ұйымдар қызметін трансформациялап жатыр. Соның негізінде Қазақстанның сыртқы саясатына талдау жасалды, — деді Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина айтулы іс-шарада.

Елордада «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты монография таныстырылды
Фото: Дәулет Ізтілеуов/Kazinform

Сарапшының айтуынша, кітапта еліміздің тек сыртқы саясаты ғана айтылмайды.

— Соңғы 5-10 жылда көріп отырмыз, сыртқы саясат ішкі саясатқа қатты әсер етеді. Мемлекеттің ішкі саяси жүйесі сыртқы саясат факторларына бейім болуы керек. Саяси реформалар мемлекеттің өзі үшін ғана емес, сыртқы саясатқа да негізделіп жасалады. Бұл кітапта ішкі саясат пен сыртқы саясат байланысы баяндалған. Үшіншіден экономикасыз сыртқы саясат болмайды, сондықтан туында экономистерге де пайдалы, өйткені, келісімдердің барысында әрдайым экономикалық мәселелер көтеріледі. Егер мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас сәтті болса, бұл экономикаға да ықпалы зор, — дейді ол.

Елордада «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты монография таныстырылды
Фото: Дәулет Ізтілеуов/Kazinform

Аталған басылым халықаралық қатынас саласының мамандарына, саясаттанушыларға, сондай-ақ өзгермелі әлемдегі Қазақстанның стратегиялық бағытына қызығушылық танытқан барша оқырманға арналған.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бейбіт және теңгерімді сыртқы саясатты қатаң ұстанып келетінін баса айтқан еді

Соңғы жаңалықтар