Елордада Сайлауды бейпартиялық байқау орталығы ашылды

«Бүгін Сайлауды бейпартиялық байқау орталығы ашылғандығы туралы жарияламақпыз. Біздің орталыққа алғашқы байқаушылар келіп жатыр. Барша әлемде сайлау науқаны ерекше маңызға ие. Сайлау – ол дауыс берушілер тарапынан сайланып, конституциялық құқықты орындау. Бұл өз кезегінде кез келген елдегі әрбір азаматтық құқығы. Қоғамдық ұйымдар үнемі сайлау процесін байқау іс-шараларына қатысуға тырысады», - деді «Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева елордада өткен брифингіде.
Осы орайда ол орталықтың міндеттері туралы да айтты.
«Партиялар атынан байқаушылар, сондай-ақ учаскелік комиссия мүшелері бар. Ал қоғамдық ұйымдар атынан баратын байқаушылардың басты мақсаты – сайлаудың қай деңгейде өткенін қарау. Олар тікелей қатысушы емес, яғни бәсекелестікке түспейді. Олар дауыс беру науқанын байқауға келеді. Осы орайда заң бұзушылықтарға жол берілмеуін, халықаралық стандарттар мен Конституцияға, заңнамаға сайлау процесінің сәйкес келуі жағдайын қарайды. Осы талаптар қатаң орындалуы керек», - деді Б. Нұрғазиева.
Сондай-ақ Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті әлемнің 90-ға жуық елінен келген ұлттық сайлау байқаушыларының жаһандық желісіне 245 мүше ұйымдар қол қойған, қоғамдық ұйымдардың партиялық емес бақылаудың және сайлауды бақылаудың жаһандық қағидалары декларациясына адалдығы туралы жеткізді.
Оның айтуынша, «Қазақстанның азаматтық альянсы», үкіметтік емес ұйымдардың ірі бірлестігі ретінде, әр түрлі ҮЕҰ-дың күш-жігерін шоғырландыруға шешім қабылдап, барлық партиялық емес бақылаушылармен ынтымақтастыққа дайын болатын орталық құрды.
Бұл орталық сайлау учаскелерін барынша қамту үшін әлемдік стандарттарға сай бақылаушыларды дайындайды.
Ал Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев Қазақстан кәсіподақтары федерациясы байқаушыларының республикалық штабының жұмысы туралы айтты.
«Біз бұған дейін Кәсіподақтар федерациясы байқаушыларының республикалық штабының екінші отырысын өткіздік, бақылаушылар санын аймақтар бойынша нақтылау, тренингтер өткізу, бақылаушыларымызға материалдар әзірлеу сияқты мәселелерді талқыладық. ККФ Республикалық штабының бірінші отырысынан бастап шамамен 6 мың бақылаушының 2,5 мыңға жуығы оқытудан өтті», - деп мәлім етті ол.
Қоғам қайраткері Айгүл Соловьева болса, тәуелсіз бақылаушылар Хартиясының жобасы және жоспарлары туралы хабардар етті.
«Хартия ЕҚЫҰ қағидаттарына және Демократиялық сайлау стандарттары туралы конвенцияға негізделген. Жарғыға кез келген қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық белсенділер қосыла алады», - деп мәлім етті ол.
Шақырылған сарапшылар - «Шығыс-Батыс» Халықаралық геосаяси болжау орталығының президенті, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Қарлығаш Нұғманова, Дипломатия институтының профессоры, т.ғ.к. Таисия Мармонтова бұл бастамаларды талдап, бағалады.
Онлайн-форматта еліміздің беделді саясаттанушыларының бірі, ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі, «Альтернатива» заманауи зерттеулер орталығы «ҮЕҰ директоры Андрей Чеботарев өз пікірін білдірді.
«Мен Орталықтың құрылуын және осындай бастаманы құптаймын. Мен сайлауды партиялық емес бақылау жөніндегі халықаралық құжаттарды, БҰҰ-ның қолдауымен қабылданған сайлауды бейпартиялық байқаушылардың қағидаттары мен этикалық кодексін оқыдым. Сондықтан сіздің Орталығыңыз тәуелсіз бақылау форматтарының бірі болып қана қоймай, үлгі тұтар халықаралық бастаманы қолға алдыңыз», - деді Андрей Чеботарев.
Айта кетсек, брифингке Zoom платформасы арқылы Орталықтың аймақтық бақылаушылары, түрлі ҮЕҰ өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.