Елордада «Сергек» камералары арқылы 56 мыңнан астам ереже бұзу фактісі тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Сергек» камералары арқылы 56 мыңнан астам ереже бұзу фактісі тіркелді. Бұл туралы елордалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Чупеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада «Сергек» камералары арқылы 56 мыңнан астам ереже бұзу фактісі тіркелді

«Елордада «Сергек» камералары арқылы 56 мыңнан астам ереже бұзу оқиғасы тіркелді. Оның ішінде жол белгілерін елемеу бойынша 10 мың, жылдамдықты асыруға қатысты 40 мың ереже бұзу фактісі бар. Сонымен қатар жүк көліктері тарапынан 6 980 көлік қозғалысы ережесін бұзу фактілері анықталды», - деді Е. Чупеков биылғы үш айдың қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жыл басынан бері полиция қызметкерлері жүргізушілер тарапынан жол берілген 28 мыңға жуық ереже бұзу жағдайын анықтады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылдың 3 айында қала жолдарында 113 жол-көлік оқиғасы тіркелді. ЖКО салдарынан 121 адам жарақат алып, екі адам қаза тапты.