Елордада «Сергек» жүйесі 1 млн-нан астам жол ережесін бұзуды анықтаған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың 400 көше қиылысы мен 300 желілік учаскесіне «Сергек» камерасы қойылған. Бұл туралы Орталық коммуникациядар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2017 жылы елордада ІТ және қауіпсіздік саласындағы алғашқы »Сергек« мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы басталды. Бүгінгі таңда 400 көше қиылысы мен 300 желілік учаскеге жол қозғалысы ережесі мен логистиканы бақылауға бағытталған 6 118 бейнекамера орнатылды», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқарма басшысы Елжан Шүпеков.
Сондай-ақ, ол бейнебақылау жүйесімен қанша жол қозғалысының ережесі бұзылғаны анықталғанын айтты.
«2019 жылдың басынан бері 1 000 219 бұзушылық анықталған. Ереже бұзу туралы хабардаманы жеткізу Полиция департаменті және »Қазпошта« АО-мен келісімшартқа отыру арқылы қарастырылған. Сондай-ақ, хабарламаны SMS-хабарлама арқылы жеткіземіз», - деді ол.