12:51, 02 Тамыз 2014 | GMT +5
Елордада шаңғы роллер жарысынан Астана кубогы басталды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың орталық саябағында шаңғы роллер жарысынан Астана кубогы жарысы өтуде.

«Жарысқа Қазақстан құрамасының өкілдері, кәсіби шаңғышылар қатысуда. Олардың қатарында шаңғыдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы, биатлоннан ел құрамасының жаттықтырушысы да бар. Жарысқа қатысушылардың көрсететін нәтижелері өте жоғары. Мәселен, өткен жылы жеңімпаз бен екінші орын алған Қазақстан құрамасының спортшылары Николай Чеботько мен Евгений Кошевойдың нәтижелерінің арасы не бәрі 1 секундты құраған еді», - деді Ұлттық шаңғы жарысы құрама командасының әкімшісі Александр Велещук.
Оның атап өтуінше, жарысқа 98 спортшы қатысуда
Айта кетерлігі, шаңғы роллерден Астана кубогы ресми жарыс саналады. Ол осымен екінші мәрте ұймдастырылып отыр. Спортшылар 3 жас санаты бойынша өз бақтарын сынауда.