17:22, 11 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды
АСТАНА. KAZINFORM - Астанада бүгін, 11 қыркүйекте шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды.

Алғашқы жарыс күнінде 1500 метр қашықтықта Ольга Тихонова әйелдер арасында үздік атанды. Одан кейінгі орындарды Малика Ермек пен Полина Омельчук өзара бөлісті.
Ал ерлер бәсекесінде Әділ Ғалиахметов мәре сызығын бірінші болып қиса, Нұртілек Қажғали пен Глеб Ивченко жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Ертең, 12 қыркүйекте аталған қашықтықтағы екінші сайыс болады.
Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша ел құрамасы жасақталып, олар Олимпиада жолдамасы үшін Әлем кубогының іріктеу кезеңдеріне қатысады.
Енді 2026 жылы Италияның Милан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін қажетті ұпай жинайтын лицензиялық жарыстар басталады.