Елордада сотқа дейінгі өндірісті жеңілдетіп жүргізу туралы дөңгелек үстел өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиынның күн тәртібі бойынша «ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сотқа дейінгі өндірісті жеңілдету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы талқыға шығарылып отыр. «Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, Мемлекет басшысы қол қойған осы заң орташа және аса ауыр емес қылмыстардың 370 қылмыс құрамына қатысты әрекеттігі жүзеге асатын болады. Бұның өзі Қазақстандағы құқық қорғау және сот жүйесінің тиімді бола түсуіне жол ашатынын көрсетеді», деп атап өтті басқосуды ашып сөз сөйлеген ҚР Конституциялық кеңес мүшесі Ілияс Бақтыбаев.
Аталған заң бойынша қылмыстық істен күдікті азаматқа қатысты нақты айғақтары бар аса ауыр емес қылмыстар бойынша іс жүргізудің сотқа дейінгі рәсімі оңайлатылатын болады. Сонымен бірге, жаңа заңға сәйкес, аса ауыр емес қылмыстар бойынша тиісті материалдар соттың қарауына айналасы 10 күннің шамасында жіберіледі. Ал сот өз кезегінде прокурор мен адвокаттың және басқа да осы процеске қатысушылардың араласуымен берілген материалдарды аз ғана уақыт ішінде қарастырып, тиісті азаматтың кінәсі мен жазасын белгілейді. Сөйтіп, бір жағынан ауыр емес қылмыстарды тергеудің мерзімі қысқарып, жемқорлық әрекеттеріне тосқауыл қойылады.