Елордада су тасқынына қарсы ауқымды іс-шара жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада су тасқынына қарсы сақтық шаралары жүргізіліп жатыр. Өзен арнасын қайта жаңарту, су реттегіш бөгет салу, арықтарды, нөсер суына арналған жүйелерді тазарту жұмыстары қолға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.
None
None

Елорда әкімі Алтай Көлгінов су реттегіш бөгет салу, өзен арнасын кеңейту, үйінді бөгет салу, дамбаны биіктету жұмыстарының барысын тексерді.

«Су реттегішке күрделі жөндеу жүргізу қажет. Экология министрлігімен бірлесіп тиісті өтінім жіберілді. Бұл реттегіштің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде қаланы және шеткері аймақтарды су тасқынынан қорғайтын су реттегіштің жұмыс тәртібі бекітілді. Майбалық көлінің арнасын қардан тазартып жатырмыз. Ұзындығы — 5,5 шақырым. Майбалық көлінен «Нұра-Есіл« каналына дейінгі арнаның өткізу қабілетін арттырамыз. Бұл шаралардың барлығы өзен суының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге және су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов. Елорда әкімі Алтай Көлгінов елді мекендерге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Ильинка кентіндегі дамбаны биіктетілген, Өндіріс кентіндегі өзен арнасын қайта жаңарту жүргізіліп жатыр. Көктал-1 елді мекенінде топырақтан уақытша үйме жал тұрғызылды. Өзен арнасын қалпына келтіру келесі жылдары суды кедергісіз өткізуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда қала аумағынан 6 млн 385 мың текше метр қар шығарылды. Өткен жылмен салыстырсақ, былтыр үш жарым есе аз қар шығарылды. Қыста қар нормасы 99 мм, яғни екі есе артық түсті.


Соңғы жаңалықтар