Елордада «Super bol 1-ге 1» футбол турнирінің жеңімпазы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада футболдан «Super bol 1-ге 1» турнирі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада «Super bol 1-ге 1» футбол турнирінің жеңімпазы анықталды

Турнирге спортшылар, шоумен және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты. 32 қатысушы футболдың түрлі техникаларын көрсетіп, 5-4 метрлік шағын алаңда өз бақтарын сынады.

Олардың арасында Гиннес кітабының рекордшысы Сергей Цырульников, актер және продюсер Рүстем Омаров, шоумен және әзілкеш Данияр Жұмаділов және басқа да танымал тұлғалар бар.

Көрермендер онлайн және офлайн форматта 31 ойын түрін көрді. Әрқайсысы 4 минуттық тартысты шайқас тұрақты қозғалысқа, финтке, соққыларға және әрине, голдарға толы болды.

Алайда Freedom Broker компаниясының өкілі Абзал Асқаров қарсыластарынан көш ілгері болды. Ол турнирдің супер жүлдесі – Ыстанбұлдағы UEFA Чемпиондар лигасының 2023 финалына жолдаманы ұтып алды.