Елордада тағы бір тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында «Номад» тұрғын үй кешенінің подъезі карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Осы уақытта елордада 25 подъезд карантинге жабық. Оның ішінде « Номад « тұрғын үй кешенінің де кіреберісі бар. Тұрғындарға үйден шығуға, бөгде адамдарға кіруге тыйым салынады. Карантин екі аптаға жуық уақытқа созылады. Подъезд қоршалып, полиция кезекшілігі ұйымдастырылды», - деді елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

4 мамыр күнгі соңғы мәлімет бойынша, елордада коронавируске шалыққандардың жалпы саны 698 адамды құрайды. Жазылып шықты - 270, қайтыс болды - 3 науқас.


Фото: 24.kz
Соңғы жаңалықтар