Елордада тамыздың 1-інен бастап заңды тұлғалар үшін судың тарифі жоғарылайды

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Департамент тұтынушылардың топтары бойынша дифференциямен «Астана су арнасы» МКК-ның жаңа тарифтерін бекітті. Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі қызметтерінің жаңа тарифі тамыздың 1-інен бастап өседі.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департементінің директоры Абзал Естаев бірінші жартыжылдық қорытындысы тұрғысында өткен брифингте айтты.

«Сумен қамтамасыз ету және сарқынды суды бұру бойынша тарифті бекіту тұрғысында тамыздың 1-інен бастап тұтынушылар топтарына байланысты жаңа тариф енгізіледі. Яғни, бірінші топқа тұрғындар кіреді. Бұл категория бойынша тарифтер бұрынғы қалпында қалады. Атап айтқанда, тұтынушылардың қосымша екі тобы енгізіліп отыр. Екінші топта - бюджеттік ұйымдар мен энергетика саласында жұмыс істейтіндер. Ал үшінші топтағылардың құрамына заңды тұлғалар (1-ші және 2-ші топқа кірмейтіндер) кіріп отыр»,-деді А. Естаев.

Оның сөзіне қарағанда, екінші топтағы тұтынушылар үшін суық су бір текше метрге 40 теңгені (ҚҚС есептелгенде) құрайды, ал 3-ші топтағыларға судың тарифі бір текше метр үшін 63, 26 теңгеге (ҚҚС есептелгенде) жетті.

Кәріз бойынша тұрғындар үшін тарифтер өзгермейтінін жеткізген департамент директоры, атап айтқанда сарқынды суды бұру және тазарту тұрғысында тұтынушылардың екінші тобы үшін ҚҚС-пен бірге 39,42 теңге тарифі енгізілетіндігін айтты. Үшінші топқа 45,79 теңге (ҚҚС есептелгенде) бекітіліп отыр.

Сонымен бірге техникалық суға тарифтер ҚҚС-пен бірге 11,70 теңгеге дейін өседі (бұған дейін 9 теңге болатын).

Айта кетейік, қазіргі кезде Астананың барлық тұрғындарына судың тарифі бір текше метр үшін 25,30 теңгені құрап отыр. Сонымен қатар бюджеттік ұйымдар мен заңды тұлғалар да тұрғындармен бірге осы тарифті төлеп келген еді.

Соңғы жаңалықтар