Елордада таңертеңнен бері 30-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Боран салдарынан елорда аумағында 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы қалалық полиция департаментінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None
«Қатты боран соғып тұр. Таңертеңнен бері қала аумағында 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан бір адам дене жарақатын алды», - делінген ПД мәліметінде.

Осы орайда полицейлер көлік жүргізушілерін жылдамдық режимін қатаң сақтауға, көліктердің арақашықтығы талаптарын ұстануға шақырды.

«Сонымен қатар автокөлікпен қаладан тыс алыс сапарға шықпауға кеңес береміз. Қазіргі уақытта боранға байлагнысты барлық бағыттарда көлік қозғалысы шектелді. Жүргізушілермен қатар, жаяу жүргіншілер де сақ болғаны жөн. Өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз үшін арнайы рұқсат етілген орындарда көшеден өтіңіздер», - деп аталып өткен хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, боранға байланысты елордадан шығатын барлық жол жабылды.


Соңғы жаңалықтар