Елордада Тәуелсіздік, Бейбітшілік және келісім сарайы жөндеуден өтеді

«Елордада спорттық сауықтыру кешені қызметін қолдауға және тариф бағасының өсуіне байланысты коммуналдық шығынды өтеу үшін қалалық Спорт және дене шынықтыру басқармасына қосымша қаржы қарастырылды. Сондай-ақ, қосымша қаражаттың ішінде сп о ртшылардың іс-сапар шығыны және футбол алаңдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу де кіріп отыр. Сонымен қатар, Мәдениет басқармасына да қосымша қаражат бөлу қарастырылған. Атап айтқанда, қосымша қаражат Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін керек. Одан бөлек, қалалық Орыс драма театрын қайта қалпына келтіру яғни күрделі жөндеу жоспарланып отыр», - деді Қайсар Маңқараев қалалық қоғамдық кеңес отырысында.
Сондай-ақ, басқармасы басшысы қалалық №4, №6 және №13 емхана ғимараттары жөнделетінін айтты.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қала бойынша 5 көпқабатты үйге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмек. Сол сияқты 24 лифт жаңасына ауыстырылады. Елордалық жастарды баспанамен қамту мақсатында тұрғын үй сертификаты үшін қосымша қаржы көзі қаралып отыр», - дейді ол.