Елордада Толағай көшесімен көлік қозғалысы шектелді

Астанада Толағай көшесінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 8-12 мамыр аралығында Қараөткел көшесінен Оңдасынов көшесіне дейінгі учаскеде көліктердің қозғалысына толығымен тайым салынады.
Қала тұрғындары мен қонақтары жолда кептеліс тудырмау үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлағаны абзал.
Сондай-ақ бұған дейін жазғанымыздай, Мәңгілік ел даңғылындағы орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 10 мамыр – 4 маусым аралығында «Мәңгілік ел» салтанат қақпасынан (Триумфальная арка) Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.
Бұдан бөлек, Қарталы көшесіндегі орташа жөндеуге байланысты 8-10 мамыр аралығында Талапкер көшесінен Ақан сері көшесіне дейінгі учаскедегі автожол толығымен жабылды.
Сондай-ақ Тұран даңғылындағы орташа жөндеу жұмысына байланысты 6 мамырда Бұқар жырау көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаске толық жабылды. Көлік қозғалысына 12 мамырға дейін тыйым бар.
Бурабай көшесінде жөндеу басталып, машина қозғалысына4-15 мамыр аралығында Абылай хан даңғылынан М.Төлебаев көшесіне дейінгі учаскеде тыйым салынды.
Р.Қошқарбаев даңғылындағы орташа жөндеуге 4-15 мамыр аралығында М.Жұмабаев даңғылынан С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскеде жол жабылады.